АҚШ президентінің сандырақтарының соңы жоқ
АҚШ президенті жұма күні Ақ үйде Германия канцлері Ангела Меркельмен өткізген ортақ баспасөз конференциясында өзінің ИИР-на қарсы үнемі айтатын бос сандырақтарын қайталады.
Трамптың бұл қисынсыз сөздері БҰҰ, Қауіпсіздік кеңесі мен Атом Қуаты Халықаралық Агенттігінің (АҚХА) осы күнге дейін Иранның ядролық әрекеттерінің бейбіт сипатқа ие екендігін бірнеше мәрте растаған жағдайда айтылып отыр.
АҚШ президенті сондай-ақ өзінің бос сөздерінде Иранды аймақтағы тұрақсыздықтың артуына жауапты деп атап, ИИР-ның лаңкестерге қолдау көрсететіні туралы уәж айтты.
Германия канцлері Трампты жақтап, "Ортақ қадам" бағдарламасының Иранның ядролық қаруға қол жеткізуінің алдын алатын алғашқы қадам екенін баса айтып: ""Ортақ қадам" толық келісім емес",- деді.
Ангела Меркель сонымен қатар Берлин мен Вашингтонның Иранның аймақтағы ықпалын шектеу қажеттігіне қатысты бір пікірді ұстанатынын баса айтты.