Ресей АҚШ елшілігінің басып алынған Құдсқа ауыстырылуына қатысты ескерту жасады
Ресей үкіметі АҚШ елшілігінің басып алынған Құдсқа ауыстырылуының жағдайды одан сайын нашарлататыны туралы ескертті.
Ресей Сыртқы істер министрлігі мәлімдемесінде АҚШ үкіметінің алдағы айдың ортасында өз елшілігі мекенінің ауысуына байланысты ресми тойлау шешіміне назар аударып, жағдайдың одан сайын нашарлау ықтималы туралы ескерту жасады.
Ресей Сыртқы істер министрлігі АҚШ елшілігінің Құдсқа ауысқан жағдайда палестиналықтар мен израильдіктер арасындағы дағдарыстың күшеюіне алаңдаушылық білдірді.
АҚШ Президенті Дональд Трамп 2017-ші жылдың желтоқсан айының 6 күні аймақ пен әлем деңгейіндегі қарсылықтарға қарамастан Құдсты сионистік режимнің астанасы ретінде жариялап, АҚШ Мемлекеттік департаментінен бұл елдің елшілігін Тель-Авивтен Құдсқа ауыстыруға қажет жұмыстарды бастауды бұйырған болатын.