АҚШ Украинаға қаржылай көмектесуге уәде берді
Украина Президенті АҚШ сапарынан оралған соң бұл елдің Киевке 335 миллион доллар көмек беретіні туралы хабарлады.
ТАСС-тың мәліметінше, Украина Президенті Петр Порошенко жексенбі күні журналистердің алдында: «Бұл қаржылай көмек Украинаның қорғанысы мен қауіпсіздік бөлімдерін нығайту, қажетті қару-жарақ пен жабдық сатып алу және арнайы күштерді жаттықтыруға жұмсалады»,- деді.
АҚШ-тың Украинаның қорғаныс бөлімін нығайту үшін қаржылай көмек бөлуі Вашингтон мен Киевтің басқа серіктері халықаралық қаржы ұйымдарының Украинаға бөлетін көмектерін жалғастыруды елдегі бұзақылық және саяси тұрақсыздықпен күресуімен байланыстырған жағдайда орын алуда.