АҚШ-тың танкке қарсы зымырандары Украинаға жіберіледі
АҚШ-тың Мемлекеттік департаменті қайраткерлерінің бірі бұл елдің танкктерге қарсы дамыған Javelin зымырандарының Украинаға жіберілетінін хабарлады.
ISNA агенттігінің мәліметіне сәйкес, есімін атағысы келмеген АҚШ-тың Мемлекеттік департаменті қайраткерлерінің бірі сенбі күні бұл елдің танкке қарсы дамыған Javelin зымырандарының Украинаға жіберілгенін растады.
Ақ үй 2017-ші жылдың желтоқсан айында Укаринаға дамыған Javelin зымырандарын сатуға келіскен болатын.
Ресей Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы АҚШ-тың бұл әрекетіне реакция білдіріп: "АҚШ-тың танкке қарсы зымырандарының Украинаға экспортталуы Вашингтон мен Мәскеу арасындағы қайшылықтарды күшейтіп, Украинаны жаңа әскери шешім қабылдауға итермелеуі мүмкін",- деді.
2015-ші жылдан осы уақытқа дейін АҚШ Украинаға 750 миллион долларға әскери қару жіберді.