АҚШ-тың танкке қарсы зымырандары Украинаға жіберіледі
https://itolqyn.com/news/world-i36636-АҚШ_тың_танкке_қарсы_зымырандары_Украинаға_жіберіледі
АҚШ-тың Мемлекеттік департаменті қайраткерлерінің бірі бұл елдің танкктерге қарсы дамыған Javelin зымырандарының Украинаға жіберілетінін хабарлады.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Maм 01, 2018 20:35 Asia/Almaty
  • АҚШ-тың танкке қарсы зымырандары Украинаға жіберіледі

АҚШ-тың Мемлекеттік департаменті қайраткерлерінің бірі бұл елдің танкктерге қарсы дамыған Javelin зымырандарының Украинаға жіберілетінін хабарлады.

ISNA агенттігінің мәліметіне сәйкес, есімін атағысы келмеген АҚШ-тың Мемлекеттік департаменті қайраткерлерінің бірі сенбі күні бұл елдің танкке қарсы дамыған Javelin зымырандарының Украинаға жіберілгенін растады.

Ақ үй 2017-ші жылдың желтоқсан айында Укаринаға дамыған Javelin зымырандарын сатуға келіскен болатын.

Ресей Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы АҚШ-тың бұл әрекетіне реакция білдіріп: "АҚШ-тың танкке қарсы зымырандарының Украинаға экспортталуы Вашингтон мен Мәскеу арасындағы қайшылықтарды күшейтіп, Украинаны жаңа әскери шешім қабылдауға итермелеуі мүмкін",- деді.

2015-ші жылдан осы уақытқа дейін АҚШ Украинаға 750 миллион долларға әскери қару жіберді.