Мәскеуде футболдан әлем чемпионаты өтуімен бір мезгілде Иранның қолөнер бұйымдарының көрмесі өтеді
Иранның Мәдени мұра, қолөнер және туризм ұйымының қолөнер кәсібі департаментінің басшысы: «Футболдан әлем чемпионаты өтетін кезде Мәскеу қаласында 9 күн бойы Иранның қолөнер бұйымдары көрмесі өтеді»,-деді.
Иранның Мәдени мұра, қолөнер және туризм ұйымының қолөнер кәсібі департаментінің басшысы Пуйа Махмудиан футболдан әлем чемпионаты өтетін кезде Мәскеу қаласында 9 күн бойы Иранның қолөнер бұйымдары көрмесі өткізілетінін хабарлап: «Футболдан әлем чемпионаты спорт саласындағы оқиға болуымен қатар Иранның мәдени-көркемдік қарым-қабілеті мен қолөнер кәсібінің тартымдылықтарын көрсетуге берілген жақсы мұрсат болып табылады»,-деді.
Футболдан әлем чемпионатының 21-ші кезеңі 2018 жылдың 14 маусымынан 15 шілдесіне дейін Ресейде өтеді. Иран да екінші топта Испания, Португалия және Марокконың футбол командаларымен сайысқа түседі.
Иранның Мәдени мұра, қолөнер және туризм ұйымының қолөнер кәсібі департаментінің басшысы көрменің футбол көру үшін әлемнің түкпір‑түкпірінен Ресейге келетін көптеген адамдарды өзіне тарта алатынын баса айтты.