Ресейдің әскери саласының бюджет көлемі қатты азайды
(last modified Wed, 02 May 2018 15:56:41 GMT )
Maм 02, 2018 21:56 Asia/Almaty
  • Ресейдің әскери саласының бюджет көлемі қатты азайды

Жаңа мәліметтерге сәйкес, Ресейдің әскери салаға бөлінетін бюджет көлемі қатты азайған.

Стокгольмдегі Әлемдік мәселелерді шешу жөніндегі институт қызметкері Саймон Вайцман: "Мәскеу мен Батыс елдері арасындағы теке-тірестердің шиеленісуіне байланысты Ресейдің 2018 жылы әскери салаға бөлінетін қаражат көлемі 46 миллиард долларды құрады. Ресейдің 2017 жылы әскери салаға бөлген бюджеті 66 миллиард 300 миллион долларды, сәйкесінше 54 миллиард 900 миллион еуроны құрады. Бұл сан 2016 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 20 пайызға азайған"-деп мәлімдеді.

Ресейдің Қорғаныс министрі Сергей Шойгудың айтуынша, бұл елдің әскері қазіргі таңда заманауи тұрғыдан жабдықталып, әскери әрекеттерге дайын күйде. Бірақ Мәскеу күшін сынауды немесе соғысуды көздемейді.