Помпео "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасының тағдырын шешетінін айтып мақтанды
АҚШ-тың жаңа Мемлекеттік хатшысы осы лауазымға тағайындалу рәсімінде "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасының тағдырын өзі шешетінін айтты.
Араб тіліндегі Sky News телеарнасының хабарлауы бойынша, АҚШ-тың жаңа Мемлекеттік хатшысы Майк Помпео сәрсенбі күні осы лауазымға тағайындалу рәсімінің басында сөйлеген сөзінде Иранның ядролық келісімінің тағдырын анықтайтындықтарын қуаттады.
Помпео Солтүстік Корея келіссөздері жайында: "Вашингтон үшін екі Кореяның тарихын өзгерту үшін мүмкіндік туды",-деді.
Помпеоның Иранның ядролық келісімі мен екі Кореяның келіссөздері жайлы уәждері оның АҚШ Сенатының сыртқы байланыстар комитетінің алғашқы жиналысында тиісті дауыс жинай алмай, екінші жиналыста республикашылдардың кеңесуінен кейін минималды дауыс жинап, АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы лауазымына тағайындалған жағдайда айтылып отыр.
Помпео бір жыл АҚШ-тың ОББ-сын басқарған болатын.
АҚШ Президенті Дональд Трамп 13 наурызда Африкада сапармен жүрген сол кездегі Мемлекеттік хатшы Рекс Тиллерсонды орнынан алып, Майк Помпеоны оның орнына Мемлекеттік хатшы ретінде таныстырды.