Наджафи: Бейбіт мақсаттағы атом қуатын пайдалану – барлық елдердің құқығы
https://itolqyn.com/news/world-i36682-Наджафи_Бейбіт_мақсаттағы_атом_қуатын_пайдалану_барлық_елдердің_құқығы
ИИР-ның АҚХА-дегі тұрақты өкілі атом бомбасына ие елдердің ядролық қаруларды таратпау сылтауымен басқа елдерге бейбіт мақсаттағы ядролық технологияны қолдануға кедергі жасауға қақысы жоқ екендігін 0қуаттады.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Maм 04, 2018 10:01 Asia/Almaty
  • Наджафи: Бейбіт мақсаттағы атом қуатын пайдалану – барлық елдердің құқығы

ИИР-ның АҚХА-дегі тұрақты өкілі атом бомбасына ие елдердің ядролық қаруларды таратпау сылтауымен басқа елдерге бейбіт мақсаттағы ядролық технологияны қолдануға кедергі жасауға қақысы жоқ екендігін 0қуаттады.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, ИИР-ның АҚХА-дегі тұрақты өкілі Реза Наджафи сәрсенбі күні Женевада ядролық қарулардың таралуына тыйым салу хаттамасын қайта қарастыру конференциясын ұйымдастыру комитетінің екінші отырысының жалғасында сөйлеген сөзінде: «Бейбіт мақсаттағы атом қуатын дамыту және құрал-жабдықтар, шикізаттар, ядролық біліммен алмасуға толық қатысу құқығын сақтау – ядролық қарулардың таралуына тыйым салу хаттамасының (NPT) түбегейлі мақсаттарының бірі»,-деп қуаттады.

Наджафи кейбір мүше елдердің саяси мақсаттар негізінде басқа мүшелерге қарсы біржақты шектеу қоюға талпынып жатқанына қатты алаңдаушылық білдіріп: «NPT хаттамасының 4 бабында бейбіт мақсатта атом қуатын дамыту құқығының орындалуына кепілдік берілген. Бұл хаттаманың ешбір бабы мүше елдерді ажырағысыз құқықтарынан айыратындай сарапталмауы керек»,-деді.