"Талибан" тобының содырлары Тәжікстанмен шекараға жақын жерге шоғырлануда
Тәжікстанның Шекара қызметі күштерінің қолбасшысы Ауғанстанның Тәжікстанмен шекаралас солтүстік аймақтарында "Талибан" тобының 7000 содырының жиналғанын хабарлады.
Тәжікстанның Шекара қызметі күштерінің қолбасшысы Раджабали Рахманали: ""Талибан" әсірешіл тобы өзінің әскери жаттығу жүргізетін лагерлерінің басым бөлігін Ауғанстанның оңтүстігінен Тәжікстанның солтүстігіне қарай көшіруге шешім қабылдады.
Қазіргі кезге дейін бұл топтың әскери жаттығу жүргізетін 29 лагері Тәжікстанмен шекаралас аймақтарға көшіріліп, бұл мәселе Орталық Азия елдерінің, соның ішінде Душанбе үкіметінің алаңдаушылығын тудырды.
"Талибан" тобының 7000-ға жуық кәсіби содыры Тәжікстанмен шекараға жақын маңдағы Қандағар, Тахар және Бадахшан облыстарында орналасқан",- деді.
Соңғы айлардың ішінде "Талибан" тобының Ауғанстанның Тәжікстанмен шекараларына жақындауы осы елдер мен Ресейдің алаңдаушылығын тудырды. Сол себепті Тәжікстан, Өзбекстан мен Ресейдің саяси-қауіпсіздік саласының жауапты тұлғалары әсірешіл топтарлың бұл аймаққа ықпал етуінің алдын алу мақсатында ауғандық басшылармен көптеген кездесу өткізді.