Иран мен Еуроодақ Йемен дағдарысы туралы сұхбаттасты
Иран Сыртқы істер министрінің саяси істер жөніндегі орынбасары Иран мен еуропалық төрт мемлекеттің Римдегі Йемен дағдарысы туралы отырысынан кейін келіссөздердің мақсатын Йемен дағдарысын зерттеп, бұл дағдарыстың шешім жолын табуға талпыныс жасау деп атады.
Иран Сыртқы істер министрінің саяси істер жөніндегі орынбасары Хосейн Джабери Ансари: "Йемен дағдарысы, әсіресе оның гуманитарлық жағдайы үлкен апатқа тіреліп, Йемен халқының өліміне себеп болуда. Римде еуропалық мемлекеттермен Йемен дағдарысынан шығу туралы келіссөздер өтті",- деді.
Хосейн Джабери Ансари Иран мен Еуроодақтың Йемен туралы келіссөздерінің бірінші кезеңінің Германияның Мюнхень қаласында, екінші кезеңінің бейсенбі күні Римде өткеніне тоқталып: "Келіссөздердің үшінші кезеңі қасиетті рамазан айынан кейін маусым айының екінші жартысында Брюссельде өтеді",- деп хабарлады.