Америкалық коалиция Сирияның әл-Хасаке қаласында 30 адамды өлтірді
https://itolqyn.com/news/world-i36692-Америкалық_коалиция_Сирияның_әл_Хасаке_қаласында_30_адамды_өлтірді
ДАИШ-ке қарсы халықаралық коалицияның Сирияның солтүстік-шығысындағы әл-Хасаке облысына жасаған шабуылы салдарынан әскери емес қарапайым 30 адам қаза болды.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Maм 04, 2018 19:25 Asia/Almaty
  • Америкалық коалиция Сирияның әл-Хасаке қаласында 30 адамды өлтірді

ДАИШ-ке қарсы халықаралық коалицияның Сирияның солтүстік-шығысындағы әл-Хасаке облысына жасаған шабуылы салдарынан әскери емес қарапайым 30 адам қаза болды.

"Спутник" ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, майдандық дереккөздерінің бірі бейсенбі күні ДАИШ-ке қарсы АҚШ басқарған халықаралық коалицияның әскери ұшақтарының әл-Хасаке облысының әл-Қаср аймағына  жасаған шабуылының салдарынан 30 сириялық азматтың қаза болғанын жариялады.

Осы мәлімет бойынша, тағы басқа 20 адам жарақат алып, әл-Хасаке облысының әл-Қаср аймағының тұрғын үйлеріне көптеген шығын келтірілді.

Бұл шабуылдан кейін Сирияның Сыртқы істер министрлігі БҰҰ-ның Бас хатшысы мен Қауіпсіздік кеңесінің кезеңдік басшысына хат жолдап, АҚШ басқарған халықаралық коалицияның Сирия халқына қарсы әскери қылмыстарын тоқтату үшін шара қолдануды сұрады.