Трамп Иран мен «алтылық» елдерінің ядролық келісімін апатты деп атады
АҚШ Президенті Иран мен «алтылық» елдерінің ядролық келісімін тағы да өте апатты деп атады.
IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Дональд Трамп жұма күні АҚШ‑тың Ұлттық қару ұйымында (NRA) «Ортақ қадам» жан‑жақты бағдарламасын нұқсанға ие келісім деп атап: «АҚШ‑тың бұрынғы басшылары жақсы келісімгер болмаған»,‑деді.
Осындай жағдайда «The Boston Globe» америкалық газеті жұма күні АҚШ‑тың бұрынғы Мемлекеттік хатшысы Джон Керридің соңғы апталарда «Ортақ қадам» жан‑жақты бағдарламасын құтқару үшін жасырын кеңесулер өткізіп жатқанын хабарлады.
«The Boston Globe» газетінің хабарлауы бойынша, Керри өткен айда Германияның Президенті мен кездесіп, кеңескен.
АҚШ‑тың бұрынғы Мемлекеттік хатшысы, сондай‑ақ, Еуроодақтың сыртқы саясат жөніндегі басшысы Федерика Могеринимен телефон арқылы сұхбаттасып, Париж бен Нью-Йоркте Франция Президенті Эммануэль Макронмен кездесуге барған.
«The Boston Globe» газетінің мәліметі бойынша, Джон Керри, сондай‑ақ, екі апта бұрын ИИР Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зарифпен Нью-Йоркте кездесіп, «Ортақ қадам» жан‑жақты бағдарламасы жөнінде кеңескен.
Осы мәлімет бойынша, Джон Керри АҚШ Конгресінде «Ортақ қадам» жан‑жақты бағдарламасын қолдау үшін жасырын талпыныс жасаған.