Макрон Американың «Ортақ қадам» келісімінен шығуына қатысты ескерту жасады
https://itolqyn.com/news/world-i36718
Франция президенті Американың Иранмен жасалған ядролық келісімнен шығуына қатысты ескерту жасады.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Maм 05, 2018 22:42 Asia/Almaty
  • Макрон Американың «Ортақ қадам» келісімінен шығуына қатысты ескерту жасады

Франция президенті Американың Иранмен жасалған ядролық келісімнен шығуына қатысты ескерту жасады.

«Шпигель» апталық басылымының мәліметіне сәйкес, Франция президенті Эммануель Макрон

Америка президенті Дональд Трамптың «Ортақ қадам» бағдарламасынан шығу туралы қоқан-лоққыларын «Пандораның жәшігін» ашу мен соғыс қатері деп атап: «Трамп Иранмен арадағы ядролық келісімді Американың бұрынғы президенті кезінде жасалғандықтан апат немесе қорқынышты түс санайды» деді.  

Франция президенті сөзінің жалғасында қыркүйек айында Трампты «Ортақ қадам» келісімінде қалуға және оны кеңейтуге көндіруге талпыныс жасағанын, бірақ оның қарсылық танытқанын айтты.

Осы мәліметке сәйкес, Еуропа Одағының сыртқы саясат және қауіпсіздігі қызметінің бас хатшысы Хельга Шмидт де Американың «Ортақ қадамды» қолдайтындығына үміт білдірген.