Трамп пен Мей телефон арқылы Иран мен Солтүстік Корея жөнінде сұхбаттасты
АҚШ президенті Дональд Трамп пен Ұлыбритания премьер-министрі Тереза Мей телефон арқылы "Ортақ қадам" бағдаррламасы мен Солтүстік Корея мәселесі жөнінде сұхбаттасты.
IRNА-ның хабарлауынша, Ақ үй мәлімдеме жариялап, Трамп пен Мейдің сұхбат кезінде ядролық белсенділіктер туралы пікір алмасқанын хабарлады.
Мамырдың он екісі күні Иранға қарсы ядролық санкциялардың күшіне енуін кейінге қалдыру туралы шешімін жариялауы тиіс Трамп еуропалықтар "Ортақ қадамдағы" кемшіліктерді жоймайтын болса, одан шығатынын айтып, қоқан-лоққы жасады.
Ұлыбритания СІМ Борис Джонсон АҚШ үкіметінің басшыларымен сұхбаттасып, бұл елді "Ортақ қадамнан" шықпауға көндіру мақсатында Вашингтонға аттанғалы отыр. Мұның алдында Франция президенті Эммануэль Макрон мен Германия канцлері Ангела Меркель де Трампты "Ортақ қадам" келісімінен шықпауға көндіру үшін АҚШ-қа сапармен барған болатын.
Трамп пен Мей сондай-ақ, телефон арқылы сұхбатта Солтсүтік Корея жөнінде әңгімелесті. Алдағы бірнеше аптаның ішінде АҚШ президенті мен Солтүстік Корея жетекшісі Ким Чен Ын арасында кездесу өткізу жоспарланып отыр.