АҚШ "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасынан шықты
https://itolqyn.com/news/world-i36812
АҚШ Президенті "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасынан шығу туралы бұйрыққа қол қойды.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Maм 09, 2018 14:08 Asia/Almaty
  • АҚШ

АҚШ Президенті "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасынан шығу туралы бұйрыққа қол қойды.

Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің мәліметіне сәйкес, АҚШ Президенті Дональд Трамп сейсенбі күні "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасы нәтижесіз болды деген уәж айтып, БҰҰ тарапынан қуатталған ядролық мәселеге қатысты келісімнен шығу туралы бұйрыққа қол қойды.

Трамп Иранды аймақ елдерінің істеріне араласады деп негізсіз айыптап: "Теһран "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасының арқасында ядролық қару шығаруға жақындады",- деген  уәж айтты.

АҚШ-тың "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасынан біржақты шығуын бұған дейін сионистік режимнен басқа ешбір мемлекет қолдаған жоқ.