"Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасынан шығу немесе әлемдік қауымдастыққа дұшпандық білдіру
(last modified Wed, 09 May 2018 09:50:02 GMT )
Maм 09, 2018 15:50 Asia/Almaty

Ақырында АҚШ БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің қарарымен бекітіліп, жеті ел мен Еуроодақтың арасында жасалған ұжымдық келісімнен шығып тынды.

Дональд Трамп Иран халқына қарсы қорлаушы әрі қоқан-лоққыға толы сөзінде 15 айдан кейін АҚШ-тың Иранның ядролық мәселесіне қатысты келісімнен шығатынын жариялады. Негізінде Трамп бұл шешімімен Американың жылдар бұрын ядролық келісімге қарсы келісімді бұзушылығы мен міндеттемелеріне тұрақсыздығын ресми түрде жариялады.

"Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасы  Вашингтонның Иранға дұшпандық білдіруінің бірінші құрбаны емес. Иран халқы 1979-шы жылдың ақпан айындағы Ислам революциясының жеңісінің келесі күнінен АҚШ-тың дұшпандығымен бетпе-бет келді. АҚШ-тың Саддам режиміне қолдау көрсетуі мен Парсы шығанағы суларының үстінде Иранның жолаушы тасымалдайтын ұшағын құлатуын Иран халқы ұмытқан жоқ.

"Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасына дейін де Американың бұрынғы және қазіргі үкіметтері басқа халықаралық келісімдерден шыққан болатын. Мәселен, Билл Клинтон үкіметі климатқа қатысты Киото келісімінен, Джордж Буш үкіметі зымырандарға қарсы зымыран шығаруға тыйым салатын келісімнен шыққан болатын. Сондай-ақ, Дональд Трамп үкіметі де әртүрлі келісімдерді бұзды.

Өткен 15 айда АҚШ Париждің климат келісімі мен  Транс-Тынық мұхиты сауда келісімінен және ЮНЕСКО ұйымынан шықты. Сондай-ақ, халықаралық талаптарға қайшы әрекетінде Құдсты Израильдің астанасы ретінде жариялады. АҚШ үкіметінің әрбір біржақты әрекеттері тіпті Вашингтонның ең жақын одақтасының наразылығымен бетпе-бет келді.

Енді Трамп "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасынан ресми шығатынын жариялап, бұл ұжымдық келісімді белгісіз тағдырға тіреді. Бұдан былай ядролық мәселеге қатысты келісім Иран мен бес мемлекет және Еуроодақ арасында  қарастырылатын болады. Аталмыш келісімге табанды қалған мемлекеттер АҚШ келтірген зардаптардың орнын толтыруға міндеттеме алды. Енді еуропалықтар өздерінің саяси-ахлақтық негіздеріне табандылықтарын немесе экстремистік ағымдардың  алдында бас иетіндіктерін көрсетуі керек. Алайда, егер еуропалықтар күмәнданатын болса, ИИР өз құқықтарын қорғайтын жолдарды пайдаланады.

15 жыл бұрын осыған ұқсас жайт орын алып, Вашингтон үш еуропалық мемлекетпен Иранның ядролық келісіміне қарсы тұрып, Иранның өз ядролық бағдарламасын алға ілгерілетуіне себеп болған. Америкалықтар Иран өзінің бірнеше жүз центрифугасының санын 20000-ға жеткізген кезде келіссөз жүргізуге келісті.  Келешекте де бұл жайт қайталануы мүмкін. Иран Президенті Хасан Рухани АҚШ "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасынан шығатынын мәлімдегеннен кейін сөйлеген сөзінде бұл мәселені растап: "Иранның Атом қуаты ұйымына қажет жағдайда  төмен байытылған уранды шектеусіз байытуға дайын болуды бұйырдым",- деді. Бұл шешім Иран уәде еткен тарихи өкініш болады.