Амано: Иран өзінің ядролық міндеттемелеріне берік болды
АҚШ "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасынан шығуға шешім қабылдағаннан кейін АҚХА-нің Бас директоры Иранның осы бағдарламада белгіленген өзінің ядролық міндеттемелерін орындағанын тағы да растады.
IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Юкиа Амано сәрсенбі күні мәлімдеме жасап, АҚШ Президенті Дональд Трамптың "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасынан шығу туралы шешіміне тоқталмастан: "АҚХА осы бағдарламаға қатысты өзгерістерді жақыннан бақылап отыр. БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің өтініші мен агенттіктің Басқарма кеңесінің 2015 жылы берген рұқсатына сәйкес Иранның аталмыш бағдарламада белгіленген ядролық міндеттемелерін орындауын бақылап, дұрыстығын тексеріп келеді.
Иран "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасы аясында әлемдегі ең мықты ядролық тексеру жүйесіне бағынады. Бұл – маңызды жетістік. Агенттік Иранның ядролық міндеттемелерінің әлі де орындалып жатқанын растайды",-деп қуаттады.