Ұлыбритания мен Франция Сыртқы істер министрлері Иранның "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасындағы өз мүдделеріне жетуі қажеттігін қуаттады
Ұлыбритания Сыртқы істер министрі Борис Джонсон мен Франция Сыртқы істер министрі Жан-Ив Ле Дриан ирандық әріптесі Мұхаммад Джавад Зарифпен телефон арқылы сөйлесіп, "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасын жалғастыруды қолдап, Иранның осы келісімдегі өз мүдделеріне қол жеткізуі қажеттігін қуаттады.
IRNA ақпарат агенттігінің сәрсенбі күнгі хабарлауы бойынша, Иранның Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф те телефон арқылы сұхбаттарда Иранның бұл ядролық келісімдегі өзінің мүдделеріне қол жеткізу үшін аталмыш бағдарламадағы басқа тараптардың да кепілдік беруі қажеттігін қуаттады.
Осы сұхбаттарда, сондай-ақ, Сыртқы істер министрлері деңгейінде мамандардың шағын кездесулерін өткізуге келісім жасалды.