Халықаралық қауымдастық Сауд Арабиясындағы қарсыластардың өлім жазасының артуын сынауда
https://itolqyn.com/news/world-i3685
Халықаралық қауымдастық пен халықаралық органдардың Сауд Арабиясындағы адам құқығының бұзылуын сынауы жалғасуда.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Сәу 04, 2016 15:58 Asia/Almaty
  • Халықаралық қауымдастық Сауд Арабиясындағы қарсыластардың өлім жазасының артуын сынауда

Халықаралық қауымдастық пен халықаралық органдардың Сауд Арабиясындағы адам құқығының бұзылуын сынауы жалғасуда.

Сауд режимінің саяси және құқық саласының белсенділерін өлім жазасына немесе ұзақ уақытқа бас бостандығынан айыруға үкім шығаруы Сауд Арабиясының халқының, БҰҰ, тіпті бұл елдің үстемшіл билігінің әрекеттеріне қатысты көбінесе үнсіздік танытатын Батыстың құқықтық орталары мен баспасөзінің наразылығына себеп болды.

Бұл жөнінде ұлыбританиялық The Independent газеті: «Сауд Арабиясы 2016-шы жылдың басынан осы кезге дейін 82 адамды өлім жазасына кесіп, үкімді іске асырды. Енді осы жылдың соңына дейін 2015-ші жылмен салыстырғанда екі есе адамның өмірін қимақ»,- деп жазды. Аталмыш газеттің жазуы бойынша, 2015-ші жылы Сауд Арабиясы 158 адамның өлім жазасының үкімін іске асырған. 2015-ші жылы 2014-ші жылмен салыстырғанда іске асырылған өлім жазасының саны екі есе артқан болатын. Өлім жазасына кесіліп, өмірлерінен айырылғандардың көбі саяси белсенділер болды.

The Independent газеті мақаланың жалғасында: «Ұлыбританиядағы адам құқығының жақтастары қылмыс жасаған кезде әлі жасөспірім болған Әли әл-Намер, Давуд әл-Мархун және Абдолла әл-Захерге соттың өлім жазасын қолдану шешіміне алаңдаушылық білдірді. Бұл адамдар Сауд үкіметіне қарсы реформаларды талап еткен шеруге қатысқандары үшін айыпталды. Олар алдын ала хабарланбай, өлім жазасына ұшырауы мүмкін»,- деп жазды.

«Almayadeen» телеарнасының мәліметі бойынша, Ұлыбританияның телеарналарының бірі Сауд қоғамындағы шындықтар туралы дерек фильм көрсеткен. Бұл арнаның репортеры Сара әл-Хаф: «Ұлыбританияның ATV телеарнасы 50 минуттік «Пердесіз Сауд Арабиясы» атты деректі фильмде салтанатты сарайлардың сыртындағы кедейшілік, азаттық пен әйелдердің құқықтарының бұзылуын көрсетті»,- деді.

Осыдан біраз уақыт бұрын БҰҰ-ның Амнистия ұйымы өзінің жылдық есебіндесоңғы жылдары Сауд Арабиясында өлім жазасы мен тұтқындаулар шараларының көбейгенін қуаттады. Басып-жаншу әрекеттеріне шек пен шекара қоймайтын Сауд режимі халықаралық сахнада азаматтық құқық бұзушы орталықтардың біріне айналды. Сауд Арабиясының басшылары өлім жазасын қарсыластарын басып-жаншитын құрал ретінде пайдаланып, үрей тудыру арқылы қысымдарды күшейтіп, ешбір адамға Сауд режиміне қарсы ауыз ашуға мүмкіндік бермеуге күш салуда.

Сауд режимінің бұл елдің табиғи байлығына толық ие болуы және бұл елдің сотының ешбір органға жауап бермеуі іріп-шіріген режимнің елдің байлығын өз мүддесіне жұмсауына себеп болуда. Сауд Арабиясында сайлау, әртүрлі саяси партиялар, сөз бостандығы сынды халық демократиясының ешбір белгісі байқалмайды.

БҰҰ-ның Адам құқығы кеңесі де қоғамдық пікірдің Сауд Арабиясының аталмыш кеңестегі мүшелігін тоқтату талабын орындаудан бас тартып отыр. Сауд режимін қолдайтын Батыс үкіметтерінің демеушілігі бұл мемлекеттің БҰҰ Адам құқығы кеңесінің мүшесі болып қалуына себеп болып отыр.