Американың Өкілдер Палатасының өкілі "Ортақ қадамнан" шыққаны үшін Трампқа импичмент жариялауды ұсынды
Maм 10, 2018 18:29 Asia/Almaty
АҚШ-тың Өкілдер палатасының мүшесі "Ортақ қадам" ядролық келісімінен шыққаны үшін бұл ел президентіне импичмент жариялауды ұсынды.
Калифорния штатынан сайланған Демократтар партиясының өкілі Максин Уотерс: "АҚШ президенті Дональд Трампқа импичмент жариялау оның "Ортақ қадамнан" шығу туралы шешіміне қатысты демократтардың жалғыз таңдауы саналады.
АҚШ халқы Трамптың өзімшілдігі мен менмендігінен азап шекпеуі тиіс. Трамп АҚШ-ты барынша жалғыз қалдырды. Себебі, Вашингтонның одақтастары Трамптың "Ортақ қадамнан" шығу туралы шешімін айыптады",- деді.
Тегтер