Трамп: "Ортақ қадам" өтірік келісім болды
https://itolqyn.com/news/world-i36916
АҚШ президенті жексенбі күні таңертең ИИР-на қарсы негізсіз уәждерін қайталап, "Ортақ қадам" бағдарламасын тағы да өтірік деп атады.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Maм 13, 2018 15:03 Asia/Almaty
  • Трамп:

АҚШ президенті жексенбі күні таңертең ИИР-на қарсы негізсіз уәждерін қайталап, "Ортақ қадам" бағдарламасын тағы да өтірік деп атады.

Fars ақпарат агенттігінің мәліметіне сәйкес, Дональд Трамп Twitter әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында ядролық келісімге қол қойғаннан кейін Иранның қорғаныстық салаға бөлген бюджет көлемінің 40 пайызға артқаны туралы уәж айтып, мұны "Ортақ қадамның" жалған екендігін дәлелдейтін тағы бір белгі деп атады.

Трамп мұның алдында да "Ортақ қадамды" кемшіліктері бар келісім және үлкен өтірік деп атаған болатын.

Осындай жағдайда Германия СІМ Хайко Маас Берлиннің германиялық компаниялардың Ирандағы құзырының жалғасуына көмектесуге мүдделік танытқанын баса айтты.

Ол Sonntag газетіне берген сұхбатында: "АҚШ-тың санкцияларының барлық қатерлері алдында германиялық компанияларды қорғау оңай іс емес",- деді.

Маас сондай-ақ Еуропалық елдер, Иран және ядролық келісімге қол қойған басқа тараптармен Иранмен сауда-саттықты сақтап қалу мүмкіндігі туралы келіссөздер өткізіліп жатқанын мәлімдеді.

Маас сондай-ақ еуропалық елдермен, Иран және ядролық келісімге қол қойған басқа тараптармен Иранмен сауда-саттықты сақтап қалу мүмкіндігі туралы келіссөздер өткізіліп жатқанын мәлімдеді.