АҚШ президенті бос сөзін жалғастыруда
Maм 18, 2018 19:29 Asia/Almaty
АҚШ президенті бейсенбі күні ИИР-на қарсы уәждерін тағы қайталады.
Fars News ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Дональд Трамп Солтүстік Атлантикалық Келісім ұйымының (НАТО) бас хатшысы Йенс Столтенбергпен Вашингтонда кездесуінде: "ИИР Таяу Шығыстағы қақтығыстар мен теке-тірес тудыруда",- деген уәж айтты.
АҚШ президенті мұның алдында айтқан сөзінде Иранды аймақтағы тұрақсыздықтардың артуына жауапты деп атап, ИИР-ның лаңкестерге қолдау көрсететіні туралы уәж айтқан болатын.
Бұл сөздер ИИР аймақтағы америкалық-сионистік қастандықтар мен әрекеттермен күресуде басты рөл атқарып отырған жағдайда айтылды.
Тегтер