Ресей АҚШ-қа Ауғанстан соғысының ұзаққа созылып кеткені жайлы ескертті
Ресейдің Ауғанстан істері жөніндегі арнайы өкілі АҚШ-тың осы елдегі соғысының ұзаққа созылып кеткені жайлы ескертті.
ИИР Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің Кабулдан хабарлауы бойынша, Ауғанстанның бұқаралық ақпарат құралдары жексенбі күні Замир Кабуловтың сөзіне сілтеме жасап: "Егер АҚШ Талибан тобымен келіссөз жүргізбесе, Ауғанстанда ауыр қанды соғыс болады, ол алдағы жылдары да жалғасады",-деп хабарлады.
Кабулов қазіргі таңда Талибан тобының Ауғанстан жерінің 40 пайызын басып алғанын айтып: "АҚШ-тың осынша аумақты бақылауында ұстап отырған Талибанмен келіссөз жүргізуден бас тартуы қабылдауға келмейді. Мұндай жағдайда Ауғанстанда соғыс пен тынышсыздық одан ары жалғаса береді",-деді.
Кабулов Талибан тобының Ауғанстан жерінің одан да көп бөлігін басып алу ықтималына тоқталып, шетелдік әскерилердің санын арттырудың Ауғанстанның жағдайын жақсартуға еш көмектеспейтінін айтты.