АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Иранға қарсы уәждерін қайталады
АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Иранға қарсы уәждерін қайталап, Теһранды аймақты тұрақсыздандырушы ел деп айыптады.
Fars ақпарат агенттігінің мәліметіне сәйкес, АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы дүйсенбі күні «Американың Иранға қатысты жаңа стратегиялық ұстанымы» деген отырыста "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасын кемшіліктерге ие келісім деп атап, Теһранды ядролық бағдарламасына қатысты алдады деп айыптап: "Иран бұл келісімнің экономикалық ұпайларын аймақтағы өз мақсаттарын ілгерілету үшін пайдаланды",- деді. Бұрын АҚШ-тың Орталық Барлау Басқармасын басқарған Помпео: "АҚШ "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасынан шығып, өз одақтастарымен Иранның Таяу Шығыс аймағын өз бақылауына алуының алдын алу мақсатында ынтымақтастық жасайды.
Иран тіпті Еуропаның ортасында лаңкестік шабуыл жасуды көздеді. Иран уран байыту жұмыстарын тоқтатуы керек. АҚШ Қаржы министрлігі Иранға ядролық мәселеге қатысты барлық санкцияларды қайтарып, жаңадан санкция салады",- деп баса айтты.