Трамп: "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасы – ең жаман келісім
https://itolqyn.com/news/world-i37208
АҚШ Президенті сейсенбі күні тағы да "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасына қарсы сөйледі.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Maм 23, 2018 13:46 Asia/Almaty
  • Трамп:

АҚШ Президенті сейсенбі күні тағы да "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасына қарсы сөйледі.

"Фарс" ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Дональд Трамп "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасын "жаман" және "біржақты" деп атап: "Бұл келісімнің АҚШ үшін ешбір пайдасы болмады",- деген уәж айтты. Трамп бұдан бұрын "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасын "кемшіліктері көп келісім" және "үлкен өтірік" деп атаған болатын.

АҚШ Мемлекеттік хатшысы сейсенбі күні ИИР-на қарсы уәждерін тағы қайталады.

Майк Помпео Иранды "әлемде арандатушы әрекеттерді іске асырушы" деп айыптап, АҚШ-тың Иранның әрекеттерінің алдында үнсіз қалмайтынын  қуаттады.

ИИР АҚШ пен оның одақтастырының қолдауына ие Ирак пен Сириядағы лаңкестік топтармен  күресу үшін бұл елдердің ресми шақыруымен кеңес беруде. Бұл америкалық басшыларға ұнамайды.

АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы сондай-ақ, Вашингтонның Иранға қарсы жаңа стратегиясына тоқталып: "АҚШ Еуропамен бірге Иранға  қарсы тұру үшін ортақ дипломатиялық ұстанымға ие болуға талпынады",- деді.