Жапония Премьер-министрі Токио-Мәскеу қайшылығының шешілуі қажеттігін қуаттады
(last modified Fri, 25 May 2018 03:50:01 GMT )
Maм 25, 2018 09:50 Asia/Almaty
  • Жапония Премьер-министрі Токио-Мәскеу қайшылығының шешілуі қажеттігін қуаттады

Жапония Премьер-министрі Токио-Мәскеудің Курил аралдарына қатысты қайшылығының шешілуі қажеттігін қуаттады.

Жапония Премьер‑министрі Синдзо Абэ Токиодан Ресейдің астанасы Мәскеуге барар алдында тілшілерге берген сұхбатта бұл сапарда РФ Президенті Владимир Путинмен екі елдің қайшылықтарын шешу үшін айқын да шынайы келіссөз жүргізетінін мәлімдеді. Синдзо Абэ Жапония мен Мәскеудің экономикалық қарым‑қатынасы дамуының Токио-Мәскеу бейбіт келісіміне қол қоюға кедергі болған Курил аралдары қайшылығының түбегейлі шешілуіне септігін тигізетіндігіне үміт білдірді.

Кунашир, Итуруп, Хабомаи және Шикотаннан тұратын Курил тұрғын аралдары бір жағынан мұнай-газ бен су жануарларының мол қоры болғандықтан, екінші жағынан Тынық мұхитында орналасқандықтан Ресей мен Жапония үшін стратегиялық позицияға ие. Бұл екі ел арасында Курил аралдарына иелік етуге қатысты қайшылық бар.