Ресей Түркияның ішкі іске араласушылық әрекеттеріне қатысты ескерту жасады
Сәу 05, 2016 15:17 Asia/Almaty
Ресейдің Сыртқы істер министрі Түркия үкіметін көршілес елдердің ісіне араласудан және терроризмді қолдаудан бас тартуға шақырды.
Reuters ақпарат агенттігінің Мәскеуден хабарлауы бойынша, Ресейдің Сыртқы істер министрі Сергей Лавров дүйсенбі күні Түркияны басқа елдердің, соның ішінде Ирак пен Сирияның ісіне араласуын қоюға шақырып, Түркияның осы екі елдің ісіне араласып отырғаны мен терроризмге қолдау көрсететінін дәлелдейтін құжаттар мен айғақтардың жеткілікті екендігін мәлімдеді.
Ресейдің Сыртқы істер министрі, сондай-ақ, Анкараның Әзірбайжан Республикасы мен Арменияның Қарабақ аймағына қатысты қақтығысында Әзірбайжанға шынайы түрде қолдау білдіруін жақтасу деп атады.
Тегтер