Солтүстік Корея басшысы Трамппен кездесу қажеттігін қуаттады
(last modified Sun, 27 May 2018 08:55:26 GMT )
Maм 27, 2018 14:55 Asia/Almaty
  • Солтүстік Корея басшысы Трамппен кездесу қажеттігін қуаттады

Солтүстік Корея басшысы АҚШ Президентімен кездесуге мүдделі екенін айтты.

Солтүстік Корея ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, осы елдің көсемі Ким Чен Ын 12 маусымда АҚШ Президенті Дональд Трамппен кездесуге дайын екенін қуаттап, екі ел басшыларының саммитын өткізуге мүдделік танытты.

АҚШ Президенті бейсенбі күні кешке келер айға жоспарланған Солтүстік Корея басшысымен кездесуінің болмайтынын хабарлаған болатын.

Трамптың бұл кездесуді күн тәртібінен алып тастауы Солтүстік Корея уәде еткендей Пунги-Ри ядролық нысанын толығымен қирататынын жариялаған жағдайда орын алып отыр.

Солтүстік Кореяның ресми ақпарат агенттігі, сондай-ақ, жексенбі күні мәлімдеме жариялап, екі Корея басшысының Пханмунджом шекаралық ауылында өткен кешегі отырысында басшылардың үшінші кездесуін 1 маусымда өткізуге келіскенін хабарлады.