Лавров: Америка «Ортақ қадам» келісімінен шығуымен Иранмен қарсыласуды мақсат етуде
https://itolqyn.com/news/world-i37418-Лавров_Америка_Ортақ_қадам_келісімінен_шығуымен_Иранмен_қарсыласуды_мақсат_етуде
Ресей СІМ Сергей Лавров «Америка «Ортақ қадам» келісімінен шыққан кезде Теһранмен толық масштабта қарсыласуды мақсат етті" деп қуаттады.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Maм 30, 2018 19:09 Asia/Almaty
  • Лавров: Америка «Ортақ қадам» келісімінен шығуымен Иранмен қарсыласуды мақсат етуде

Ресей СІМ Сергей Лавров «Америка «Ортақ қадам» келісімінен шыққан кезде Теһранмен толық масштабта қарсыласуды мақсат етті" деп қуаттады.

Рейтер хабар агенттігінің мәліметіне сәйкес, Ресей СІМ Сергей Лавров «Примаков оқулары» атты халықаралық саммите сөйлеген сөзінде «Америка «Ортақ қадам» келісімінен шыққан кезде Иранмен толық масштабты қарсыласуды мақсат етті. Сонымен қатар «химиялық қару қолданылды» деген уәжді қолданып, Дамасктегі режимді өзгертуді көздеді. Мәскеу Американың сыртқы саясаты болжауға келетін жағдайға куә болғысы келеді. Америка Иранды оқшаулау бағытын ұстанып, Теһран өз саясатын осы мәселемен сәйкестендіреді деп үміттенеді» деді.

Ресейдің дипломатиялық аппаратының басшысы Вашингтоннан Иранмен келіссөздерді бастауды сұрады.