Санкциялардың жалғасуы – АҚШ-тың Иранмен жауластығының шарықтау шегі
(last modified Fri, 01 Jun 2018 13:41:36 GMT )
Маусым 01, 2018 19:41 Asia/Almaty
  • Санкциялардың жалғасуы – АҚШ-тың Иранмен жауластығының шарықтау шегі

АҚШ "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасынан шыққаннан кейін ИИР-на қарсы жаңа санкциялардың бірнеше кезеңін жарияланды. АҚШ-тың Иранға қарсы санкциялық саясаты жаңа тақырып емес. Бұл саясат Ислам революциясы жеңіске жеткеннен бастап қолданылып келеді.

АҚШ Президенті Дональд Трамп 2018 жылдың 8 мамырында "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасынан шыққан кезде Иранға қарсы ядролық санкциялардың қайтарылып, жаңа санкциялардың салынатынын мәлімдеді. Осы аяда АҚШ-тың Қаржы министрлігі сәрсенбі күні Иранның бірқатар саяси және ғылыми тұлғалары мен компанияларына адам құқығын бұзу және цензура деген сылтаумен санкция салды.

Бұдан бұрын АҚШ-тың Қаржы министрлігі елі "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасынан шыққаннан кейінгі алғашқы қадамда Иранның Орталық банкінің басшысы мен 5 ирандыққа Иранның зымырандық бағдарламасына қатысы бар деген сылтаумен  санкция салды. АҚШ-тың Иранға қарсы санкциялық саясаты тың тақырып емес. Бұл өткен 40 жылда әрдайым болған. АҚШ-тың санкция салғандағы басты мақсаты ИИР жүйесіне қысым жасап, оның саясаттарын өзгерту болып отыр. Бұл мақсат америкалықтардың Иран халқымен жауластығының шарықтап тұрған кезінде де орындалмады. АҚШ-тың басшылары әртүрлі үкіметтер кезінде Ислам революциясын тоқтату үшін санкция мен қысым құралын пайдаланған, бірақ бүгінде шындық ретінде тарихта тіркелген нәрсе Иранға қарсы санкция салуға бұйрық бергендердің жойылып, Ислам республикасы жүйесінің сақталып қалғаны болып отыр.

Осы аяда Ислам революциясының жетекшісі хазірет аятолла Хаменей «Ұстаздар аптасына» орай мыңдаған студент және мұғаліммен кездесуінде АҚШ-тың бүкіл басшыларының Ислам революциясы жеңіске жеткеннен кейінгі жылдардың барлығында жауластықты жалғастырып келгеніне тоқталып: "Бұл дұшпандықты Иран халқына қарсы жасаған адамдардың қазір сүйектері қаусап, жер астында жатыр. Ал ИИР әлі де берік қалыпта. Дональд Трамп та бір күні жер қойнына тапсырылады, ал ИИР бұрынғыдай мерейін сақтап қалады",-деді. 

АҚШ-тың Иран халқымен дұшпандығы бұл халықтың табандылығы мен айбындылығы себебінен туындап отыр. Иран халқы Ислам революциясының қырқыншы жылы өз гүлденуінің шарықтау шегіне жетіп, ғылыми, әскери-қорғаныстық және басқа да салаларда АҚШ-тың еркінен тыс даму жолында қадам басып келеді. АҚШ-тың "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасынан шығуы бұл ел басшыларының Иран халқының ядролық қабілетіне, яғни уранды байыту құқығына ие болуына, зымырандық қорғаныс саласындағы күш-қабілеті мен Таяу Шығыс аймағында әсерлі рөл атқаруына ашулы екенін көрсетеді. Қазіргі таңда АҚШ  ИИР-ның айбынын арттыратын нәрселерді жоюды көздеп отыр. АҚШ-тың "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасынан шығуы, Иранның зымырандық қабілетін жоюға тырысуы мен оның аймақтағы рөліне қарсылығын осы аяда бағалауға болады. Жалпы алғанда АҚШ Иранның аймақтағы кейбір араб режимдері сияқты оған бағынышты болып, айтқанына көнуін қалайды. Ислам революциясы жетекшісінің айтуынша, америкалықтар аймақтағы кейбір билеушілер сияқты тек бас иіп, қызмет ететін нөкерлердің болуын қалайды, алайда ИИР оларға өзінің халық қолдайтын абырой-айбынын көрсетіп отыр. Олар мұндай ұлылық пен мерейге төзе алмайды.

ИИР өз айбынын халықтан алатындықтан аймақтық теңгерімде ықпалды ойыншыға айналып, өзінің ішкі-сыртқы саясатын АҚШ басшыларының қалауы бойынша емес, Ислам революциясының басты принципі негізінде жүргізіп келеді. Халыққа арқа сүйеген қуатты ел зорлықшыл алпауыттарға, соның ішінде АҚШ-тың қолдауына тәуелді емес. Осы басты принцип америкалықтардың Иранмен жауластығының жалғасуының себебі болып отыр.