Трамптың ауызашар рәсімімен бір мезгілде Ақ үйдің алдында наразылық шеруі өтті
https://itolqyn.com/news/world-i37600-Трамптың_ауызашар_рәсімімен_бір_мезгілде_Ақ_үйдің_алдында_наразылық_шеруі_өтті
Азаматтық құқық белсенділері АҚШ президентінің ауызашар рәсімімен бір мезгілде Ақ үйдің алдында наразылық шеруін ұйымдастырды.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Маусым 07, 2018 20:11 Asia/Almaty

Азаматтық құқық белсенділері АҚШ президентінің ауызашар рәсімімен бір мезгілде Ақ үйдің алдында наразылық шеруін ұйымдастырды.

Ақ үйде ауызашар беру рәсімімен бір мезгілде бір топ наразы ұрандатып, АҚШ президенті Дональд Трамптың бірнеше мұсылман елдері азаматтарының АҚШ жеріне кіруіне тыйым салу талпыныстарына наразылық білдірді.

Трамп сәрсенбі күні Ақ үйде ауызашар рәсімін өткізді. Көбінесе мұсылмандарға қарсы өткір сөздер айтқан АҚШ президенті президенттікке келген алғашқы жылы Ақ үйде ауызашар рәсімін өткізбей, бұл дәстүрді елемеген болатын.

АҚШ-тағы ірі мұсылмандық ұйымдардың басшылары, атап айтқанда осы елдегі ең көне әрі ең ірі исламдық ұйым саналатын Солтүстік Америкалық исламдық қауымдастық басшысы да Ақ үйдегі ауызашар рәсіміне бойкот жариялады.