Трамп: АҚШ-тың "Ортақ қадамнан" шығуы Иранның аймақтағы қатынасын өзгертті
https://itolqyn.com/news/world-i37606
АҚШ президенті Дональд Трамп бейсенбі күнгі күлкілі сөзінде бұл елдің "Ортақ қадам" бағдарламасынан шығуы «Иранның аймақтағы белсенділіктерінің бәсеңдеуіне себеп болды» деген уәж айтты.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Маусым 08, 2018 19:59 Asia/Almaty
  • Трамп: АҚШ-тың

АҚШ президенті Дональд Трамп бейсенбі күнгі күлкілі сөзінде бұл елдің "Ортақ қадам" бағдарламасынан шығуы «Иранның аймақтағы белсенділіктерінің бәсеңдеуіне себеп болды» деген уәж айтты.

Fars News ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Трамп Жапония премьер-министрі Синдзо Абэмен Вашингтонда өткен бірлескен баспасөз отырысында: "АҚШ "Ортақ қадамнан" шыққаннан кейін Иран аймақта орын алып жатқан жағдайларға мән бермейтін болды",- деді.

АҚШ президенті Вашингтонның Иранға қарсы ауқымды әрі бұрын-соңды болмаған санкция жариялайтынын баса айтып, Иран мен АҚШ-тың тағы да бір үстелдің басына отырып, жаңа келісімге қол қоятындығына үміт білдірді.

Иранның аймақтық белсенділіктерінің бәсеңдегені туралы Трамптың күлкілі сөздері ИИР басшылары Иранға аймақтағы ықпалды, тұрақтылық тудырушы әрі қуатты елдердің бірі ретінде өтініш жасалған жағдайда мазлұмдар мен дағдарысқа ұшырап, лаңкестікпен күресіп жатқан басқа мемлекеттерге әрдайым көмекке асығып, өзінің осы негізгі ұстанымынан танбайтыны жайлы бірнеше рет мәлімдеген жағдайда айтылды.