Хошру: АҚШ-тың Таяу Шығыс пен Иран туралы түсінігі қатерлі әрі аңғырт
https://itolqyn.com/news/world-i37710-Хошру_АҚШ_тың_Таяу_Шығыс_пен_Иран_туралы_түсінігі_қатерлі_әрі_аңғырт
БҰҰ-дағы Иранның тұрақты өкілі АҚШ-тың Таяу Шығыс пен Иран туралы түсінігін қатерлі әрі аңғырттық деп атады.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Маусым 12, 2018 15:17 Asia/Almaty
  • Хошру: АҚШ-тың Таяу Шығыс пен Иран туралы түсінігі қатерлі әрі аңғырт

БҰҰ-дағы Иранның тұрақты өкілі АҚШ-тың Таяу Шығыс пен Иран туралы түсінігін қатерлі әрі аңғырттық деп атады.

БҰҰ-дағы Иранның тұрақты өкілі Ғоламали Хошру Truthdig веб-сайтына берген сұхбатында Таяу Шығыс аймағында АҚШ-тың тіпті Ирак, Ауғанстан, Йемен немесе Сирияның ауылдарының бірін басқару күшінің жоқтығына тоқталып, Вашингтонды халықаралық заңдар мен Алжир келісімі мен "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасы сынды маңызды келісімдерді бұзушы ел деп атады.

Хошру Америка үкіметінің аймақ пен Иранға қатысты саясаттарына сілтеме жасап: "Вашингтон тек қоқан-лоққы, санкция және араласу тілімен ғана сөйлесе алады. Негізінде, бұл саясаттар аймақта бұрын сәтсіздікке ұшыраған өте қатерлі және шығыны көп",- деді. Хошру сонымен бірге Сирияның жағдайына тоқталып: "Америкалықтар қарудың ДАИШ, ән-Носрат және соларға тәуелді лаңкестік топтардың қолына түсетінін жақсы білді",- деді.