АҚШ-тың Иранмен жауластығының шарықтау шегі Трамп үкіметінен көрініс тапты
https://itolqyn.com/news/world-i37774
Хасан Рухани сәрсенбі күні кешке БАҚ өкілдерімен кездесуінде Иран халқының ақиқатты жақтап, жалғанды жеңетінін айтып: "АҚШ үкіметтерінің барлығының Ислам революциясы жеңіске жеткеннен бері Иран халқының дұшпаны болып келе жатқаны – шындық, бірақ жауластықтың да шегі мен шеңбері бар",-деді.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Маусым 14, 2018 16:42 Asia/Almaty
  • АҚШ-тың Иранмен жауластығының шарықтау шегі Трамп үкіметінен көрініс тапты

Хасан Рухани сәрсенбі күні кешке БАҚ өкілдерімен кездесуінде Иран халқының ақиқатты жақтап, жалғанды жеңетінін айтып: "АҚШ үкіметтерінің барлығының Ислам революциясы жеңіске жеткеннен бері Иран халқының дұшпаны болып келе жатқаны – шындық, бірақ жауластықтың да шегі мен шеңбері бар",-деді.

АҚШ-тың Иранмен жауластығының Ислам революциясының жеңіске жеткен күнімен тікелей байланысты.  Осы 40 жылда АҚШ-та билік басына келген әрбір үкімет Иранмен жауласып,  әрқайсысы кез келген тәсілмен ИИР жүйесін тоқтатуға талпыныс жасады.  Америкалықтар бір мезгілде Иранға қарсы бірнеше мақсатты көздейді. Олардың түпкілікті мақсаты – ИИР жүйесін құлату. Қысқа және ұзақ мерзімді мақсаттар да АҚШ-тың күн тәртібінде болды. Олардың барлығы негізі сол түпкі мақсатқа қызмет етіп келеді. Ислам революциясының 40 жылдық тарихына шолу жасағанда америкалықтардың  осы аралықта Иран халқының басты жауы болғанын көруге болады. Олар ИИР жүйесіне соққы беру үшін саяси-экономикалық, әскери-қауіпсіздік және ақпараттық тәсілдер мен құралдардың барлығын пайдаланды, алайда әрдайым Иран халқы, үкіметі мен жетекшісінің қырағылығының арқасында жеңіліс тауып отырды.

8 жылдық соғыс, әртүрлі экономикалық санкциялар, саяси қысымдар, қасақана террорлар, халықаралық қауымдастықтағы бүлдіргі әрекеттер, Иранға қарсы ақпараттық соғыс жүргізу, Иранды аймақтың тұрақтылығы мен қауіпсіздігін бұзатын ел ретінде таныстыруға күш салу – осының барлығы АҚШ-тың Иранға қарсы осы күнге дейін көрсеткен қатынасының жиынтығы болып табылады. Ислам революциясының жетекшісі хазірет аятолла Хаменеидің айтуынша, "ИИР өткен 40 жылда әртүрлі кезеңдер мен оқиғаларды асқан табандылық және қырағылықпен бастан өткерді,  қазіргі жағдайдан да абырой-айбынмен өтіп, өзінің даму жолын жалғастыра береді".  

АҚШ-тағы Дональд Трамптың билігі кезеңі Ислам революциясының 40 жылдығымен тұспа-тұр келіп отыр. Бұл кезеңде америкалықтардың Иран халқымен дұшпандығы шарықтау шегіне жетті. Трамп үкіметінің жаңсақ ойлары мен қастандықтары Иранмен жауластықтың шегінен шықты. Басқаша айтқанда, АҚШ-тың қазіргі үкіметі ИИР-на қарсы "бәрі немесе ештеңе" деген қатынасты ұстанып отыр. Трамп үкіметінің "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасына қатынасы, әртүрлі санкция салуы, бұл елдің Израиль және кейбір араб режимдерімен әріптестігі, Иранды қауіп деп көрсетіп, оның жүйесін құлатуды көздеуі Трамптың Иранға қатысты қатынастарының аясын көрсетеді. Трамптың әртүрлі сөздерінде "Иранның аймақтағы қатынасын өзгерту қажеті" деген тіркесінің қолданылуы бос қиялдан басқа ештеңе емес. ИИР Ислам революциясының 40-шы жылында бар күш-қуатымен өз айбынының шарықтау шегін көрсетті. Ислам революциясының жетекшісі Рамазан айында Иран жүйесінің жауапты тұлғалары және қызметкерлерімен кездесуінде илаһи уәде бойынша дұшпанның жеңілетіндігінде ешқандай күмәннің жоқтығын айтып: "АҚШ-тың қазіргі басшысының тағдыры Буш пен Рейган сияқты оған дейінгілердің тағдырынан жақсырақ болмайды. Ол да солар сияқты тарихтан із-түссіз жоғалады",-деді.

АҚШ-тағы әртүрлі үкіметтердің, әсіресе Дональд Трамп үкіметінің ИИР жүйесімен дұшпандығының басты тамырын Иранның тәуелсіздігі, өз бетімен әрекет етуі және АҚШ-тың ырқына көнбеуінен іздестіру керек. Бүгінде ирандық жастардың талпыныстарының арқасында ИИР әртүрлі салаларда жарқырай көрініп, әсіресе зымырандық қорғаныс саласында аймақта басты алпауытқа айналды.