АҚШ-тың келісімнен шығуы Иранның аймақтағы белсенділіктерінің бәсеңдеуіне себеп болды
https://itolqyn.com/news/world-i37806
АҚШ Президенті жұма күні өзінің күлкілі сөздерінде АҚШ-тың "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасынан шығуының Иранның аймақтағы белсенділіктерінің бәсеңдеуіне себеп болғанын айтты.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Маусым 16, 2018 19:57 Asia/Almaty
  • АҚШ-тың келісімнен шығуы Иранның аймақтағы белсенділіктерінің бәсеңдеуіне себеп болды

АҚШ Президенті жұма күні өзінің күлкілі сөздерінде АҚШ-тың "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасынан шығуының Иранның аймақтағы белсенділіктерінің бәсеңдеуіне себеп болғанын айтты.

Fars ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Дональд Трамп Ақ үйде тілшілерге берген сұхбатында Иранның "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасын АҚШ-тың қатысуынсыз-ақ сақтап қалуды көздеп отырғанын, бұл елдің бір күні жаңа келісім жасау үшін АҚШ-пен келіссөз жүргізуге мәжбүр болатынын айтты.

АҚШ Президенті жуырда Вашингтонның Иранға қарсы бұрын-соңды болмаған ауқымды санкция салатынын айтып, Иран мен АҚШ-тың келіссөз үстелінің басына қайта келіп, жаңа келісім жасайтындығына үміт білдірді.

Сонымен қатар Ақ үй жұма күнгі бір мәлімдемесінде АҚШ-тың "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасынан шығуын  Дональд Трамп үкіметінің елге әлемдік сахнадағы жетекшілігін қайтару  үшін жасаған жетістіктерінің бірі деп атады.

Трамптың Иранның аймақтағы белсенділіктерінің бәсеңдей түскені жайлы сөздері  ИИР басшыларының елдің аймақта ықпалды, тұрақтылық тудырушы әрі қуатты елдердің бірі ретінде өтініш жасалған жағдайда дағдарысқа ұшырап, лаңкестікпен күресіп жатқан елдер мен жапа шеккендерге көмектесуге асығатын және өзінің осы принципті ұстанымынан бір сәт те кері шегінбейтінін сан рет жариялаған жағдайда айтылып отыр.