Адам құқықтары жөніндегі белсенді Трампты АҚШ үшін ұят деп атады
Маусым 18, 2018 21:58 Asia/Almaty
АҚШ-тағы адам құқықтары жөніндегі белсенді әрі АҚШ-тың бұрынғы президенті Барак Обаманың кеңесшісі болған Эл Шарптон АҚШ президенті Дональд Трампты сол елдегі әсірешіл оңшыл топтардың күшеюіне себеп болғанын айтты.
Шарптон британиялық The Independent газетіне берген сұхбатында: "АҚШ президентінің арандатушы әрі қайшылық тудыратын сөздері нәсілшілдік пен әйелерге қарсы көзқарастардың күшеюіне соқтырды. Ұлыбритания мен әлем халқына неліктен бір президенттің Twitter парақшасында қисынсыз, сандырақ сөздер мен шиеленіс тудыратын мәселелер жайлы жазып, Ақ үйдің абыройын түсіріп жатқанын түсіндіруге мәжбүр болуымыз ұят",- деді.
Тегтер