Стефан Дюжаррик: Гуттереш "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасын қолдайды
БҰҰ Бас хатшысының баспасөз хатшысы дүйсенбі күні ұйымның Бас хатшысы Антонио Гуттерештің "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасын қолдайтынын қуаттады.
IRNА ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Стефан Дюжаррик "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасын дипломатиялық жетістік деп атап, халықаралық келісімнің әлемнің тұрақтылығы үшін сақталуы керектігін баса айтты.
Гуттереш бұдан бұрын да сан рет "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасын сақтап қалудың қажеттілігін қуаттаған болатын.
АҚШ Президенті Дональд Трамп мамырдың 8 күні Иранға қарсы негізсіз айыптарын қайталап, Вашингтонның "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасынан шығатынын, алдағы алты ай ішінде ядролық мәселеге қатысты Иранға салынған бұрынғы санкциялардың қайтып күшіне енетінін жариялады. Трамптың бұл шешімі ішкі және халықаралық айыптармен кезікті.