Трамп Еуропаның тарифтеріне реакция білдірді
АҚШ президенті Ақ үйдің Еуропа одағының америкалық тауарларға тарифтер бекітуімен күресіп жатқаны туралы хабарлады.
Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің хабарлауынша, АҚШ президенті Дональд Трамп жұма күні Twitter әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында: "Егер Еуропа одағының тарифтері мен кедергілері тез арада жойылмаса, АҚШ-қа импортталған барлық еуропалық көліктерге 20 пайыздық тариф бекітіледі",- деп жазды.
Еуропа одағы жұма күні АҚШ-та өндірілетін ондаған тауарға импорттық тариф бекітті.
Еуропа одағының тариф бекітуді жоспарлап отырған тауарлар тізімі 2018 жылдың мамыр айының он сегізі күні Дүниежүзілік сауда ұйымына жіберілген болатын. Бұл тізім тек АҚШ территориясында өндірілген тауарларды ғана қамтиды.
Трамп 2018 жылы наурыздың сегізі күні болат импортына 25 пайыздық, алюминийге 10 пайыздық тарифтер бекіту туралы шешімінің жүзеге асырылатынын хабарлады.
Халықаралық экономикалық ұйымдар мен әртүрлі мемлекеттер Трамптың экономикалық әдісінің әлемдік экономиканың өсуіне тигізетін салдары жайлы бірнеше рет ескерту жасады.