Иран Атом қуаты ұйымының төрағасы АҚШ саясатын бұрыс деп атады
https://itolqyn.com/news/world-i37954
Иранның Атом қуаты ұйымының төрағасы АҚШ Үкіметінің саясаты мен "уранды 0 пайызға байыту" жобасының бұрыстығын баса айтып, бұл мәселені бұрынғы қателіктерді қайталау деп атады.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Маусым 23, 2018 15:20 Asia/Almaty
  • Иран Атом қуаты ұйымының төрағасы АҚШ саясатын бұрыс деп атады

Иранның Атом қуаты ұйымының төрағасы АҚШ Үкіметінің саясаты мен "уранды 0 пайызға байыту" жобасының бұрыстығын баса айтып, бұл мәселені бұрынғы қателіктерді қайталау деп атады.

Әли Акбар Салехи жұма күні Норвегияда өткен Осло форумында АҚШ-тың  Иранның уранды байыту үдерісін тоқтатуға бағытталған талпынысына сілтеме жасап: "Негізінен "Ортақ қадам" келіссөздері бұл саясатты қойғызып, АҚШ-тың әдістерінің өзгеруімен басталған болатын",- деді.

Иранның Атом қуаты ұйымының басшысы сондай-ақ, халықаралық қауымдастықтың АҚШ-тың ақылға қонбайтын әрі негізсіз шешімдеріне қатысты реакциясын толығымен айқын әрі түсінікті деп атап: "Еуропа одағы мен "Ортақ қадамды" қолдайтын басқа мемлекеттер дер кезінде АҚШ саясаттарына қатысты іс жүзінде қарсылық білдірмесе, аймақ пен әлем тәртіпсіздік пен бейберекеттікке ұшырайды",- деді.

Салехи негізгі ойыншылар арасында аймақтық дискурс өткізу қажеттігін қуаттап, Иранның өзара түсіністік пен диалог арқылы аймақ дағдарыстарын шешуге дайын екендігін хабарлады.