"Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасына қатысты Үндістанның ұстанымы
Үндістанның Сыртқы істер министрі Сушма Сварадж Нью-Делидің АҚШ-тың Иранға қатысты біржақты санкцияларына қарсы екенін мәлімдеді.
Үндістанның Сыртқы істер министрі сенбі күні Еуропаның бірнеше еліне кезеңдік сапарынан қайтып келе жатып, Ираның солтүстік-батысындағы Табриз әуежайында Шығыс Әзірбайжан облысының әкімі Мәджид Ходабахшпен кездесуінде Еуропа басшыларымен, соның ішінде Франция Президентімен кездесуінде еуропалық елдердің "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасына қатысты міндеттемелеріне берік болу қажеттігі қуатталғанын мәлімдеді.
Сварадж Теһран мен Нью-Дели ынтымақтастығын дамыту қажеттігін қуаттап, Үндістанның Иранмен еуро валюта арқылы қаржы айналымын жүргізуге дайын екенін жариялап: "Халықаралық ережелер мен өзара құрмет шеңберінде Иранмен қарым-қатынасымызды жалғастыра береміз",-деді.
Қазіргі таңда тек Еуроодақ қана емес, сауда мен экономикалық инвестициялар саласында Иран нарығында жұмыс істеп жатқан Үндістан, Қытай, Жапония мен Ресей сияқты көптеген елдер біржақтылыққа бас иіп, Ақ үйдің Иранға қарсы біржақты санкцияларын ұстанатын кезеңге қайта оралуды қаламайды. "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасына дейінгі санкциялар кезеңінде Еуропаның АҚШ-қа жақтасып, Үндістан сияқты елдердің АҚШ-тың қысымдарының ықпалына түсуін кейбір саяси орталар АҚШ-тың Иранның ядролық бағдарламасына өтірік алаңдауы салдарынан туындады деп түсіндіреді. Алайда қазір дәл осы елдер АҚШ-тың "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасына дейін айтқан уәждерінің шындыққа жанаспағанын, осы келісімнің АҚШ-ты барлық сылтаулардан айырғанын жақсы біліп отыр. АҚШ "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасының негізін жою арқылы өзінің қастық әрекетін жаңадан бастауға күш салып жатыр. Алайда, Еуропаның бұл келісімді сақтап қалуға бағытталған талпыныстарын назарға алсақ, мұндай сценарийдің орындалуының екіталай екені анық.
АҚШ Мемлекеттік департаментінің бұрынғы қызметкерлерінің бірі Ричард Нафи Обама үкіметі кезінде Иранға қарсы санкцияларды орындаушы болған. Қазір Колумбия университетіне қарасты Әлемдік энергетика саясаты орталығының сарапшысы. Ол Wall-Street Journal-ға берген сұхбатында осы жайлы: "АҚШ-тың қысымы Иран мұнайы экспортының азаюына себеп болуы мүмкін, алайда оның көлемі үлкен болмайды. Сол кезде біз осыған қатысты Еуропадағы одақтастарымызбен дауласып, оларға санкция салуымыз мүмкін. Үнділермен жанжалдасып, оларға да санкция салармыз. Бұл жағдайда осы қысымдардың теріс әсері Иран үшін ешқандай қиындық тудырмауы мүмкін",-деді.
Қазіргі таңда Иран мен Үндістанның Иран мұнайын импорттау, Чабаһар айлағына инвестиция салу, "Солтүстік-Оңтүстік" тасымалы саласындағы қарым-қатынасы ұзақ мерзімді стратегиялық кезеңге аяқ басты.
Үндістан Иранмен байланыста аймақтың геосаяси болашағын назарға алады. Сол себепті АҚШ-тың санкциялары мен қысымдарынан алшақ болып, өзін бөлек ұстауға талпыныс жасап жатыр.
Экономикалық мәселелер жөніндегі сарапшы Сураджит Айр: "Иранның бір үлкен нарық ретінде пайда болуы Үндістан үшін аймақтағы өз позициясын одан ары нығайтуға берілген алтын мұрсат болып табылады. Осы мақсатқа жету үшін Ирандағы инфрақұрылымдық жобаларды орындау аза маңызды. Үндістан үшін мұндай ұстаным қабылдаудың пайдалы болары анық. Кері жағдайда әлемдік алпауыттардың, әсіресе АҚШ саясаттарының құрбанына айналады",-деді.
Бұл қарсылық тек экономикалық мүдделер үшін ғана емес, өйткені осы жағдайдың маңызды бөлігі АҚШ-тың халықаралық қатынастар саласында тудырған түйткілі болып отыр. АҚШ әлемге үстемдік жүргізуді көздейді. Өзінің шектен тыс талап етушілігіне басқа елдердің ұлттық мүдделерін құрбан ету және дүниежүзілік еркін сауда заңдарын бұзу арқылы қол жеткізгісі келеді.