Хошру: Иран Ауғанстанда тұрақтылық орнатуға бағытталған кез келген талпынысты қолдайды
Иранның БҰҰ-дағы өкілі Ауғанстандағы қауіпсіздікті өрістетуді сол елдің экономикалық-әлеуметтік дамуымен байланысты деп атап: "Иран Ауғанстанда тұрақтылық орнату мен дамытуға бағытталған кез келген талпыныс пен жобаны қолдайды",- деді.
ИРНА ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Ғоламали Хошру сейсенбі күні Ауғанстан тақырыбында өткен БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің отырысында: "Өкінішке орай, қауіпсіздік әлі де Ауғанстан үшін шынайы мәселе болып табылады. Қауіпсіздік жағдайды нығайту бұл елдегі ұзақ мерзімді тұрақтылық пен әлеуметтік-экономикалық дамудың негізгі қажеттіліктерінің бірі саналады. Бұл қиындыққа төтеп беру үшін Ауғанстанның Ұлттық бірлік үкіметі халықаралық қауымдастықтың қуатты әрі тұрақты қолдауын қажет етеді. Бұл арада Иран көршілес ел ретінде бір-бірімен тығыз байланысты Ауғанстандағы қауіпсіздік пен тұрақтылықты өрістету мен оны дамытуды берік қолдайды",- деп баса айтты.
Хошру Иранның Кабул үдерісі мен Ауғанстанда бейбітшілік пен қауіпсіздік орнатуға көмектесу үшін соған ұқсас үдерістерге қатысуды құптағанын айтып: "Иран жуырдағы Ауғанстан үкіметі мен Талибан тобы арасында жасалған уақытша атысты тоқтату бітімі мен ел үкіметінің оны жалғастыру мүддесі мен көршілеріміз Ауғанстан мен Пәкістан қатынастарындағы оң өзгерістерді қолдайды",- деді.