Автокөлік шығаратын ірі компаниялар Трамп үкіметіне ескерту жасады
Маусым 28, 2018 09:06 Asia/Almaty
Автокөлік шығаратын ірі компаниялар Трамп үкіметіне жаңа тарифтердің көлік импортына әсерін тигізетіні туралы ескерту жасады.
"Рейтерс" ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, автокөлік шығаратын ірі компаниялардан құрылған сауда тобы: "АҚШ-тың ұлттық қауіпсіздікті сылтауратып, автокөлік импортына 25 пайыз тариф салу туралы қоқан-лоққысы жыл сайын америкалық тұтынушыларға 45 миллиард доллар, әрбір көлік үшін 5800 доллар шығын келтіреді. 2017-ші жылы сатылған көлік үшін бұл тариф америкалық тұтынушыларды шамамен 45 миллиард доллар салық төлеуге мәжбүрлейді. Сондықтан мұндай жағдай Трамптың салықты төмендету жобасының күшін жояды",- деді.
Тегтер