№2231 қарар "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасының толық орындалуын талап етеді
https://itolqyn.com/news/world-i38082
БҰҰ Бас хатшысы АҚШ-тың "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасынан шыққанына өкініш білдіріп: "БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің №2231 қарары барлық мүше елдерден "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасын толық орындауын, аймақтық және халықаралық ұйымдардың оған қолдау көрсетуін талап етеді",-деді.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Маусым 28, 2018 14:03 Asia/Almaty
  •  №2231 қарар

БҰҰ Бас хатшысы АҚШ-тың "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасынан шыққанына өкініш білдіріп: "БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің №2231 қарары барлық мүше елдерден "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасын толық орындауын, аймақтық және халықаралық ұйымдардың оған қолдау көрсетуін талап етеді",-деді.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Антониу Гутерреш сәрсенбі күні №2231 қарар бойынша 6 айда бір рет Қауіпсіздік кеңесіне беретін кезеңдік есебінде "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасының 2015 жылы бірауыздан осы кеңесте бекітілгенін, 2016 жылдың 16 маусымынан осы күнге дейін АҚХА Қауіпсіздік кеңесіне берген 11 есебінде Иранның аталмыш келісімге берік екенін растағанын айтты.

Францияның БҰҰ-дағы өкілі Франсуа Делатр сәрсенбі күні БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасы туралы отырысында сөйлеген сөзінде Иран осы келісімге табандылық танытқанға дейін Францияның да оған берік болып қалатынын мәлімдеді.

Ұлыбританияның БҰҰ-дағы өкілі Карен Пирс те осы отырыста Лондонның "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасын бұрынғыдай сақтайтынын айтты.