Трамп НАТО ұйымының басшыларына наразылық білдірді
АҚШ президенті Солтүстік Атлантикалық Келісім Ұйымының (НАТО) мүшелеріне жолдаған хатында олардың бұдан былай әскери салаға жеткілікті мөлшерде қаражат бөлмеуіне төзбейтінін ескертті.
АҚШ президенті Дональд Трамп НАТО ұйымына мүше 10 елдің басшысына жолдаған жеке-жеке хаттарында оларға өз мемлекеттерінің жалпы ішкі өнімінің кем дегенде 2 пайызын әскери шығындарға бөлу туралы өз міндеттемелеріне көзжұмбайлық танытуына қатысты ескерту жасады.
Дональд Трамп 2018 жылдың маусым айында бұл хатты Германия, Бельгия, Норвегия мен Канада елдерінің басшыларына жолдаған болатын. НАТО ұйымы басшыларының отырысы келесі аптада Бельгияның астанасы Брюссель қаласында өтеді.
НАТО келісіміне сәйкес, батыстық коалицияның мүшелері өздерінің жалпы ішкі өнімдерінің 2 пайызын әскери шығындарға жұмсауға міндетті.