Трамп Дүниежүзілік сауда ұйымына қоқан-лоққы жасады
АҚШ президенті оның Дүниежүзілік сауда ұйымынан шығуды қалайтыны туралы хабарлар жариялаған соң бұл ұйымға ашық түрде қарсы қоқан-лоққы жасады.
АҚШ президенті Дональд Трамп Дүниежүзілік сауда ұйымына оның еліне бұдан былай әділетті түрде қатынас көрсетілмеген жағдайда Вашингтонның қол қусырып қарап отырмайтыны туралы ескерту жасады. Америкалық Axios ақпарат торабы бір заң жобасының нұсқасына қол жеткізген. Соған сәйкес, АҚШ президенті Вашингтонды Дүниежүзілік сауда ұйымынан шығаруды көздеп отыр. Трамптың "АҚШ-тың әділ әрі жауапты тарифтері" атты заң жобасы оған Конгрестің келісімінсіз және халықаралық заңдарға көзжұмбайлық таныта отырып, өзі қалаған тарифтерді арттырып, АҚШ-тың Дүниежүзілік сауда ұйымынан шығуына қажет шарттарды жасауына мүмкіндік береді. Трамп Ақ үйге келген сәттен бастап көптеген халықаралық ұйымдар мен келісімдерден шығып жатыр.