Басып-жаныштаушы режимдердің АҚШ-пен үндестігі өткеннен сабақ алуды қажет етеді
АҚШ президенті Дональд Трамп соңғы айларда Иранмен жауластық тәсілдерін айқынырақ көрсетті. Трамп сауда-саттық, банк, мұнай экспорты салаларына біржақты санкцияларын таңып, Иранға қарсы аймақтық әскери коалициялар құру арқылы аймақтық және халықаралық деңгейдегі дұшпандық мақсаттарын жүзеге асыруды көздеп отыр.
Бұл үдерісте аймақтағы кейбір кертартпа араб режимдері АҚШ-тың Иранға қарсы уәждеріне үндестік білдіру арқылы өздері үшін жақсы жағдай жасай аламыз деп санайды.
Осы арада Бахрейннің СІМ Сауд Арабиясы мен АҚШ-тың ризалығын алу үшін айтқан құнсыз сөздерінде Иранды аймақта тұрақсыздық тудырып жатыр деп айыптады.
Халед бин Ахмад Але Халифе сондай-ақ, Иранның мұнай экспорты экономикалық қиындықтарға тап болған жағдайда оған қарсы санкция салынса, Теһранның аймақтағы мұнай экспортын тоқтатумен қоқан-лоққы жасағанын мәлімдеді.
Бұл сөздер Иран президенті Хасан Руханидің Швейцарияда тұратын ирандықтармен кездесуінде АҚШ-тың Иранның мұнай экспортын толығымен тоқтататыны жайлы қоқан-лоққысына реакция ретінде "Дональд Трамптың Иранның мұнай экспортын тоқтату жайлы сөздері бүкіл аймақтағы мұнайдың экспортталмайтынын білдіреді",- деп айтқан жуырдағы сөздеріне жасалған сілтеме саналады.
Вашингтонның аймақтық одақтастары үшін Трамптың саясаттарымен бағыттас болып, үндестік білдіру мүмкіндік саналады. Себебі, олар тек аймақтан тыс дағдарыстар тудыру арқылы ғана өздерінің аман қалуы үшін үміттене алады.
Бахрейн режимі АҚШ-тың аймақтағы негізгі әскери базасы ретінде аймақтағы тұрақсыздық пазлының бір бөлігін құраған жағдайда Бахрейн тарапынан айтылып жатқан қайталама әрі бос уәждер айтарлықтай тосын жағдай емес. Бұл салада жалған әрі өз күнәсін басқаға таңуға негізделген уәждердің қайталануы Бахрейн режимінің қиындықтарын шеше алмайды.
АҚШ-тың өз мақсаттарына жету үшін кез келген құралды пайдаланып, бала өлтіргіш қылмыскер режимдердің онымен үндесуі Трамп үшін тиімді болатыны айдан анық.
Al Jazeera арнасы осы мәселеге қатысты сараптамасында былай деп жазды: "Бұл үдерісте Ақ үй жалғыз емес. Сионистік режимнің басшылары Вашингтонеың жанында үш майдан бойынша Иранға қарсы талпыныстарын жүзеге асырып отыр".
АҚШ әрекеттерінің нәтижесі аймақта қақтығыс пен текетірес тудыру екені анық. Сол себепті бұл саясатқа үндестік таныту АҚШ-тың аймақтағы текетірес пен тұрақсыздық тудыруына ат салысу деген мағынаны білдіреді.
АҚШ-тың осы саясатты жалғастыруды талап етуі аймақ пен әлем үшін ауыр салдарын тигізетін тарихи қателіктің қайталануы болып табылады. АҚШ үкіметтері Ирандағы ислам революциясы жеңіске жеткеннен бастап қазіргі таңға дейін өзінің үсті-үстіне жалғасқан есептелген қателіктері арқылы бұл үдерісті Иран халқына қарсы ашық түрдегі дұшпандыққа айналдырды. Таңылған соғыс жылдары бұл үндестіктер Парсы шығанағы аймағындағы кейбір араб елдерінің АҚШ-тың араласушылық саясаттарының құрбаны болып жатқанын көрсетті.
Өткен тәжірибе егер олар жағдайға аз ғана шыншылдықпен қарап, өткеннен сабақ алып, бұрынғы қателіктерін қайталамайтын болса, мұның өздеріне пайдалы екенін көрсетеді. Себебі, бұл оларға өкінуден басқа нәтиже бермейді.
ИИР-ның аймақта қауіпсіздік, бейбітшілік пен тұрақтылық орнатуды өзінің басты мақсаты деп білетіні анық. Иран бүгінге дейін мүдделеріне байланысты және аймақтағы тұрақтылық пен қауіпсіздікті сақтап қалу мақсатында жауапты іс-шараларды жүзеге асырған және сол істерді болашақта да жалғастырады.
Иранның алдында таңдау өте көп. Керек жағдайда ол "Ортақ қадаммен" байланысты барлық міндеттемелерді доғаруды да қамтитын болады.