Велаяти: АҚШ Президенттері өткен 40 жылда Иранға қарсы бірдей саясат ұстанды
https://itolqyn.com/news/world-i38263-Велаяти_АҚШ_Президенттері_өткен_40_жылда_Иранға_қарсы_бірдей_саясат_ұстанды
Иран Ислам революциясы жетекшісінің халықаралық істер жөніндегі кеңесшісі Әлиакбар Велаяти жұма күні Валдай клубының отырысынан кейін Мәскеуде журналистерге берген сұхбатта: «АҚШ Президенттері өткен 40 жылда «Ислам революциясына қарсылық білдіру» саясатын ұстанды»,- деді.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Шіл 14, 2018 22:36 Asia/Almaty
  • Велаяти: АҚШ Президенттері өткен 40 жылда Иранға қарсы бірдей саясат ұстанды

Иран Ислам революциясы жетекшісінің халықаралық істер жөніндегі кеңесшісі Әлиакбар Велаяти жұма күні Валдай клубының отырысынан кейін Мәскеуде журналистерге берген сұхбатта: «АҚШ Президенттері өткен 40 жылда «Ислам революциясына қарсылық білдіру» саясатын ұстанды»,- деді.

ИРНА ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Әлиакбар Велаяти: «АҚШ-тың қазіргі Президентінің бұл елдің басқа президенттерінен айырмашылығы Дональд Трамптың сөйлеген кезде дипломатиялық әдепті сақтамайтындығында. Сондықтан оның сөзіне көбірек реакция көрсетіледі»,- деді.

Ислам революциясы жетекшісінің халықаралық істер жөніндегі кеңесшісі АҚШ-тың қазір Президенті брынғы президенттерінен күштірек немесе Иранның бұрынғы кезеңдерден әлсізірек еместігіне  тоқталып: «Бүгінде Иранның құдыреті Ирактың Иранға қарсы соғысы кезінен он есе күшейген. АҚШ үкіметінің халықаралық сахнадағы қиындықтары арта түскен»,- деп баса айтты.