Иран-Ауғанстан темір жолы биыл іске қосылады
https://itolqyn.com/news/world-i38324-Иран_Ауғанстан_темір_жолы_биыл_іске_қосылады
Иранның Жол және қала құрылысы министрінің орынбасары Хейралла Хадами Иран-Ауғанстан темір жолының «Хаф-Герат» деген атаумен шамси жыл санағы бойынша 1397 жылдың соңына дейін іске қосылатынын хабарлады.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Шіл 19, 2018 23:37 Asia/Almaty
  • 
Иран-Ауғанстан темір жолы биыл іске қосылады

Иранның Жол және қала құрылысы министрінің орынбасары Хейралла Хадами Иран-Ауғанстан темір жолының «Хаф-Герат» деген атаумен шамси жыл санағы бойынша 1397 жылдың соңына дейін іске қосылатынын хабарлады.

Хейралла Хадами биыл темір жол бөлімінде 391 км жаңа жолдың ашылатынын, үш орталықтың темір жолының, атап айтқанда Гилан, Батыс Әзірбайжан мен Шығыс Әзірбайжан жолдарының биылғы жылы іске қосылатынын мәлімдеді.

Хуф-Герат темір жолының бірінші және екінші линиясының бөлімдері Иранның солтүстік-шығысындағы Хоросан Разави облысындағы Хуф шаһристанынан Иран жеріндегі Шамтиғ шекарасына дейін, үшінші және төртінші бөлімдері Шамтиғ шекарасынан Ауғанстандағы Герат қаласына дейін орналасқан.   

Хуф-Герат темір жолының құрылысы Жібек жолын темір жол арқылы және Қытайды Ауғанстан арқылы Иранға қосып, жаңғыртуға себеп болады.