Америкада Трамптың саясаттарына қарсы шерулер өтті
Шіл 22, 2018 21:15 Asia/Almaty
Американың жергілікті қызыл нәсілді халқы АҚШ Президентінің қоршаған ортаға қарсы саясаттарына қарсы шеру өткізді.
Американың қызыл нәсілді жергілікті халқы наразылық білдіріп, Washington DC көшелерінде АҚШ Президентінің қоршаған ортаға қарсы саясаттарына қарсы шеруге шықты. Шерушілер қолдарына плакаттар ұстап, Трамптың климатқа қатысты саясаттарын айыптады. Дональд Трамп 2017-ші жылы климатқа қатысты Париж келісімнен шыққан болатын. АҚШ Президентінің бұл шешімі әлемдік реакцияға тап болды. АҚШ әлемдегі ауаны ластайтын парниктік газдарды ең көп өндіретін ел саналады.
Тегтер